Выбрать страницу

Наурыз 2017

 

 

Қарағанды облысының білім басқармасының

«Қарағанды облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында» өткен Наурыз мейрамы мен КТБО-ның туған күніне арналған

«Наурыз думан!»

атты мерекелік іс-шара туралы ақпарат

 

17.03.2017жыл

         Армысыңдар халайық,

         Бармысыңдар халайық.

         Келді Наурыз сағынтып,

         Жасылдан желек тағынтып.

         Наурыз келсе, құт келгені ағайын,

         Есік ашып, қол соғып,

         Қасиетті Ұлыспен келіп жеткен,

         Туған  күні орталықтың,

         Құтты болсын халайық!

 

2017 жылдың 17 наурызы, сағат 11:00-де «Қарағанды облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» КММ-де Наурыз мейрамы және Орталықтың 4 жасқа толуына арналған «Наурыз думан!»  атты мерекелік іс-шара өтті.

Мерекеге орталықтың қызметкерлері және Теміртау қалалық мешітінің қолдауымен аулаға киіз үй орнатылды. Киіз үйді тәрбиешілер мен балалар безендірді. Киіз үйдің ішінде мерекеге арналған ұлттық тағамдармен дастархан әзірленді. Ұлттық Наурыз көже және палау отта дайындалды. Сонымен қатар қазақша күрес жарысына арналған бұрыш дайындалды.

Аулада мерекелік әуеннің ойналуымен шақырылған қонақтар қарсы алынды.

Тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің дайындауымен топтардан құрылған ауылдарды аралауға қонақтар ішке шақырылды.

Қонақтар бірінші болып №1 «Балапан» тобының «Сәкен Сәйфулин» ауылына барды. Бұл ауылда «Тұсыу кесу» дәстүрін көріп тамашалады.

Келесі қонақ болған ауыл «Күншуақ» тобының «Астана» ауылы. Бұл ауылда әр түрлі ұлттық киімдерін киген балалар келген қонақтарды Наурыз мерекесімен құттықтап өз өнерлерін көрсетті. Сондай-ақ «Астана» ауылының тұрғындары келген қонақтарды  мерекелік дастарханға шақырып, «Тілашар» рәсімі және осы ауылдың балаларыны Қазақстанның 25 жылдық мерей тойына арналған үгітбригадасы көрсетті. Әрі қарай көңілді күй әуенімен келген қонақтар «Абай» ауылна бет алды. Бұл ауылда «Қыз ұзату» салты көрсетілетіндіктен қонақтарымыз құда түсе келген «құдалар» рөлінде болып қайтты.

Мкерекелік іс-шара тәрбиеленушілердің орындауындағы «Жаса, Қазақстан» флешмо биімен жалғасты. Сонымен қатар, бейімдеу Орталығы балаларының әнұраны орындалды.

Мерекелік іс-шарада келген қонақтарға құттықтау сөз берілді. Орталықтың директоры Айман Маратқызы келген қонақтарды және Орталық ұжымын, балаларды Наурыз мерекесімен қатар Орталықтың туған күнімен құттықтады. Құттықтау соңында сахна төріне әсем әуенмен «Орталықтың 4 жасқа толуына» арнап жасалған торт шығарылды.

Іс-шараның соңында тәрбиеші Е.Е.Оспанов «Сарыарқа» әнін орындап, іс-шараға қатысқан барлық қатысушылар сахна төріне шақырылып естелік суретке түсті.

Мерекелік іс-шараға келген қонақтар орталық ұжымына өздерінің жылы лебіздерін, ризашылықтарын білдіріп, ақ тілектерін жаудырды. Орталықтың қонақжайлылығына алғыстарын білдірді.

 

 

Информация

о проведении праздничного мероприятия, посвященного празднованию

Наурыз и Дня рождения ЦАНа

«НАУРЫЗ – ДУМАН!!!»

в КГУ «Центр адаптации несовершеннолетних Карагандинской области» управления образования Карагандинской области

 

 

17 марта 2017 года в 11.00 в ЦАНе прошло праздничное мероприятие «НАУРЫЗ – ДУМАН!».

Накануне праздника сотрудники ЦАНа при поддержке главного имама мечети г.Темиртау установили на территории организации красочную юрту. Убранство юрты было оформлено воспитателями и детьми. Внутри юрты поставили праздничные столы со всевозможными национальными блюдами. Традиционное блюдо наурыз – коже, плов были приготовлены в казане на огне. А также установлена сцена для проведения национального спортивного состязания «Қазақша күрес».

Под праздничное звучание музыки гостей мероприятия провели в ЦАН и  пригласили посетить три аула, где воспитатели с детьми показывали театрализованные представления проведения казахских обрядов.

Первым гости посетили аул имени Сакена Сейфуллина. В этом ауле воспитатели и дети группы «Балапан» показали обряд «Тұсау кесу».

Затем гостей пригласили посетить современный аул «Астана», где их встретили воспитанники группы «Күншуақ». Дети в костюмах разных национальностей дружно поздравляли гостей с праздником Наурыз.  А в празднично украшенной обстановке с накрытым дастарханом гостей встречали воспитатели в национальных костюмах и угощали их различными национальными блюдами. После гостям показали обряд «Тілашар», агитбригада детей представила достижения Казахстана за 25 лет независимости. На праздничной ноте гостей проводили в музыкальный зал, где их ждал очередная встреча с аулом имени Абая. Здесь гостей встречали в роли главных сватов, так как проходил обряд «Қыз ұзату»Праздник продолжился зажигательным флэш-мобом под песню Кайрата Нуртас «Казахстан» и исполнением гимна ЦАНа. Гости праздника выступили со своими поздравлениями и пожеланиями воспитанникам ЦАНа.

Директор ЦАНа Тлегенова Айман Маратовна поздравила всех с праздником Наурыз и Днем рождения ЦАНа.

Закончилось праздничное мероприятие песней «Сарыарқа» в исполнении воспитатели Оспанова Е.Е и детей.  И самым запоминающимся моментом стал вынос под музыку И.Аллегровой праздничного торта в виде ЦАНа, подаренного спонсорами компании «Алсер».

В заключении все были приглашены на памятную фотосъемку.

Затем всех детей, гостей и сотрудников пригласили в празднично убранную юрту с накрытыми столами, где все смогли отведать национальные блюда и поделиться радостным настроением. Также на территории ЦАНа и дети, и гости смогли увидеть спортивные состязания.

В самом конце праздничного мероприятия гости выразили свою признательность всему коллективу ЦАНа.