Выбрать страницу

1 мая 2017

 

Қарағанды облысының білім басқармасының

«Қарағандыоблыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында» өткен Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған

мерекелік іс-шара туралы ақпарат

 

27.04.2017 жыл

 

2017 жылдың 27 мамыр айында, сағат 11:00-де «Қарағанды облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» КММ-де Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған  мерекелік іс-шара өтті.

Атаулы іс-шараның негізгі мақсаты: рухани бірлікті   қорғау, саяси тұрақтылықты сақтау және Қазақстан халықтарының бірлігі мен достығын насихаттау.

Бұл іс-шарада біз бейімдеу орталығының тәрбиеленушілерінің дайындаған халықтар достығының шеруін көріп, тамашаладық.

Балалар тек қана әр ұлттың ұлттық киімдерін көрсетіп қана қоймай, әр ұлттың тілінде сәлемдесу мәдениетімен де таныстырып өтті. Мерекелік іс-шарада балалар өзбек, украин, орыс, грузин, қазақ халықтарының билерін  әсерлі, нақышына келтіре орындап, көрермендерге мерекелік көңіл – күй сыйлады.

Бұл іс-шарада біздің алға қойған басты мақсатымыз тәрбиеленушілерге әр қайсымыз әр түрлі болсақ та, арманымыз – бір шаңырақ астында тату – тәтті өмір сүріп, оны сақтауға және нығайтуға бірдей жауапты екендігімізді түсіндіру.

 

Информация о мероприятии, посвященному

Дню единства народов Казахстана

 

27.04.2017г на базе Центра адаптации несовершеннолетних Карагандинской области прошел  праздничный концерт посвященный —  Дню единства народов Казахстана.

Основная цель данного мероприятия: пропаганда дружбы и единства народов Казахстана, сохранение политической стабильности, защиты духовного единства.

В этот день мы могли наблюдать парад народов, который устроили воспитанники ЦАНа. Ребята не просто продемонстрировали костюмы разных национальностей, но и познакомили  с культурой каждого народа. Только в этот день на одной сцене мы увидели танцы казахского, грузинского, русского, украинского, узбекского народов.

Воспитанники подарили всем большой эмоциональный заряд, который нес в себе не только ощущение весеннего пробуждения природы, но и восприятие 1 Мая как общего торжества, сплачивающего всех казахстанцев.

На празднике звучали слова на разных языках, но все заключали в себе главную мысль: мы разные, несем равную ответственность за мир, согласие и единство в общем доме, который нужно беречь и укреплять!